ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЖЕКЕ СОТ
ОРЫНДАУШЫЛАРЫНЫҢ
РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ПАЛАТАСЫ

  • ҚР ӘМ құқықтық ақпарат қызметі құқық мәселері бойынша кеңес беру
  • +7(7172) 58-00-58
  • 119 - барлық қалалық телефондарынан

«Қазақстанда жеке сот орындаушылар институтын дамыту және халықаралық стандарттарға қол жеткізу» тақырыбындағы халықаралық семинар Алматы қаласында өткізілді

«Қазақстанда жеке сот орындаушылар институтын дамыту және халықаралық стандарттарға қол жеткізу» тақырыбындағы халықаралық семинар

         Алматы қаласында Халықаралық Сот Орындаушылар Кеңесінің Президенті Франсуаза Андрие және Бельгия Корольдігіның өкілі, UIHJ вице-президенті Марк Шмитцтің қатысуымен семинар өткізілді.

 

wertyssdfghjkkjhgfeswertj

 

 

         Жеке сот орындаушылар Республикалық палатасының ұйымдастыруымен өткен шараны ұйымдастырудың басты мақсаты – Қазақстандағы жеке сот орындаушы институтын дамыту. Халықаралық стандарт бойынша, жеке сот орындаушылар фактіні белгілеу, заңға қатысты кеңес беру, медиация сияқты қосымша қызмет көрсетуге құқылы болуы шарт.  

 

sdykgfdseruy

 

yuioytyuiop

 

         UIHJ вице-Президенті Марк Шмитцтің баяндамасы «Жеке сот орындаушының фактіні белгілеу қызметі» тақырыбын қозғады. Оның мәлімдеуінше, ұйым құрамына кіретін 32 мемлекетте (Алжир, Бельгия, Бенин, Буркина-Фасо, Камерун, Канада, Чад, Конго, Чех Республикасы, Франция, Габон, Гаити, Кот-д'Ивуар, Латвия, Литва, Люксембург, Мали, Марокко, Маврикий, Молдавия, Черногория, Нидерланды, Нигер, Польша, Румыния, Шотландия,  Сенегал, Словения, Швейцария, Того, Тунис) фактіні белгілеу жеке сот орындаушысының негізгі көрсететін қызметтер қатарына жатады.

 

rtyuikjhgfdvbnmnbvc

 

89098765432345

 

Жеке сот орындаушылар Республикалық палатасының Басқарма Төрағасы «Атқару өндірісі саласындағы борышкер. Жеке сот орындаушы мен борышкер арасындағы қарым-қатынас» тақырыбында сөз сөйледі.

Атап өтерлігі, ЖСО РП және UIHJ арасында 2016 жылы өзара серіктестік Меморандумына қол қойылды. Оның негізінде, ЖСО РП халықаралық ұйымның толық құқылы мүшесіне айналды.  Халықаралық Сот Орындаушылар Кеңесі Еуропалық Кеңес, Гаага конвенциясы, БҰҰ экономикалық және әлеуметтік кеңесі, құрамында 70 астам мемлекеті бар ірі ұйым.  Қазақстан ТМД елдерінің арасында бірінші және Азияда Тайландтан кейінгі екінші орында осы мекемеге мүшелікке қабылданды.

 

2018 Май < >
ПнВтСрЧтПтСбВс
 
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
31
   

Сегодня родились 22
Апреля

Сегодня нет день рождений