ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЖЕКЕ СОТ
ОРЫНДАУШЫЛАРЫНЫҢ
РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ПАЛАТАСЫ

  • ҚР ӘМ құқықтық ақпарат қызметі құқық мәселері бойынша кеңес беру
  • +7(7172) 58-00-58
  • 119 - барлық қалалық телефондарынан

Қазақстан Республикасы жеке сот орындаушыларының Республикалық палатасы жанынан Қоғамдық комиссия құрылды

 

2017 жылғы 2 наурызда  Қазақстан Республикасы Президентінің жолдауы – «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» және конституциялық реформалар аясында «Нұр Отан» партиясы орталық аппаратының ғимаратында, мақсаты заңнамалық және номативті-құқықтық актілерді әзірлеу мен талқылауға қатысу, жұмысты ұйымдастыру және басқаруды жетілдіру мәселелері жөніндегі арыздарды қарау, сондай-ақ институтты дамыту мәселелерін зерттеу болып табылатын Қазақстан Республикасы жеке сот орындаушыларының Республикалық палатасы қоғамдық комиссиясының Бірінші мәжілісі өтті.

 

 

 

ҚР Парламенті Сенатының депутаты Д.Р. Құсдаулетовтың төрағалығымен өткен қоғамдық комиссия жұмысына Парламент Мәжілісінің депутаттары А.А. Смағұлов, Б.С. Дүйсенбинов, Б.Т. Кесебаева, жеке сот орындаушыларының Республикалық палата Басқармасының Төрағасы С.М. Ли, Республикалық нотариалдық палатасының Төрайымы А.Б. Жанабилова, ҚР Әділет министрлігі Сот актілерін орындау департаментінің директоры Е.Е. Ибраев, сонымен қатар қоғамдық ұйымдар мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, жеке сот орындаушылары өңірлік палаталарының басшылары және Республикалық палата Төралқасының мүшелері қатысты.

 

 

Мәжіліс қорытындысы бойынша, қолданыстағы заңнамаға мониторинг жүргізуге және түзетулер енгізуге, атап айтқанда, қызметінің пайдалылығын арттыруға және қосымша ақылы қызметтерді енгізуге; жеке сот орындаушыларының мамандандырылған кеңселерін дамытуға; әкімшілік хаттамалар толтыру бойынша жеке сот орындаушыларының өкілеттіктер беруге қатысты ұсыныстар дайындалды.

 

 

 

 

Әділет министрлігі мен Бас прокуратураға Республикалық палатаны жеке сот орындаушыларының және өңірлік палаталар қызметін  уәкiлеттi органның және прокуратура органдарының тексеру және бақылау жүргізуін оңтайландыру, сонымен қатар жеке сот орындаушыларына қатысты тәртіптік жаза қолдану және бірыңғай тәртіптік практика қалыптастыру бойынша жұмыс тобына қосу жөнінде ұсыныстар жасалды;

 

Әділет және ішкі істер министрліктеріне әкімшілік айыппұлдарды өндіру, автокөлік құралдарын іздеу және бөгеу, борышкердерді әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке тарту, борышкерлерді мәжбүрлеп орындатуды жүргізу барысында ішкі істер, әділет органдарының және сот орындаушыларының, оның ішінде Бірлескен бұйрықтарға қол қою немесе өзгерістер енгізу арқылы өзара әрекет ету мәселесі бойынша ұсыныстар жасалды;

 

Ұлттық экономика және Қаржы министрліктеріне ЖСО-нан сауда-саттықты өткізгені үшін алынатын аукциондық алымды алып тастау мәселесі бойынша ұсыныстар жасалды;

 

Әділет министрлігіне жеке сот орындаушыларының Республикалық палатасында тыйым салынған мүліктерді сату бойынша электрондық сауда-саттық алаңын құрудың орындылығы туралы ұсыныс жасалды.

 

2017 Ноябрь < >
ПнВтСрЧтПтСбВс
  
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
   

Сегодня родились 23
Ноября

Сегодня нет день рождений