Қазақстан Республикасы жеке сот орындаушыларының Республикалық палатасында және оның филиалдарында жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн, депутаттар өтініштерін және сауалдарын, прокуратура органдарының, уәкілетті органның (аумақтық әділет органының)...

Қазақстан Республикасы жеке сот орындаушыларының

Республикалық палатасында және оның филиалдарында

жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн, депутаттар

өтініштерін және сауалдарын, прокуратура органдарының,

уәкілетті органның (аумақтық әділет органының)

ұсыныстарын, сот актілерін қарау жөніндегі

Нұсқаулық

 

  1. 1.    Жалпы ережелер

 

1. Осы Нұсқаулық Қазақстан Республикасы жеке сот орындаушыларының Республикалық палатасында (бұдан әрі – Республикалық палата) және оның филиалдарында Қазақстан Республикасының «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» Заңында, басқа заңнамалық актілерде реттелген жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн, депутаттар өтініштерін және сауалдарын, прокуратура органдарының, уәкілетті органның (аумақтық әділет органының) ұсыныстарын, сот актілерін қарау мәселелерін нақтылайды және азаматтар мен заңды тұлғалардың құқықтарын, бостандықтарын және заңдық мүдделерін жүзеге асыруға және қорғауға бағытталған.

2. Осы Нұсқаулықтың күші қарау тәртiбi Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк құқық бұзушылық, қылмыстық iс жүргiзу, азаматтық iс жүргiзу туралы заңнамасында белгiленген жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiне қолданылмайды.

3. Республикалық/Өңірлік палаталарда жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн, депутаттар өтініштерін және сауалдарын, прокуратура органдарының, уәкілетті органның (аумақтық әділет органының) ұсыныстарын, сот актілерін қарау бойынша жұмыстарын ұйымдастыруға олардың бірінші басшылары жеке жауапты болады.  

 

  1. 2.    Негізгі ұғымдар

 

4. Осы Нұсқаулықта мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:

1)       арыз – өтiнiштердi қарайтын субъектiге жолданған жеке немесе ұжымдық жазбаша, ауызша не электрондық таңбалық қолтаңбамен расталған электрондық құжат түріндегі өтініш, бейнеконференцбайланыс,   бейнеөтініш, ұсыныс, өтініш, шағым, сауал немесе үн қосу;

2)     ұжымдық өтініш – екі және одан да көп жеке немесе заңды тұлғалардың өтініші, сондай-ақ митингілерде немесе жиналыстарда қабылданған және митинг, жиналыс ұйымдастырушылары немесе қатысушылары қол қойған өтініш;

3)     телнұсқа өтініш – бұрын келіп түскен өтініштің көшірмесі болып табылатын өтініш, не Қазақстан Республикасының «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» Заңының 7 бабының 6 тармағына сәйкес, бір және тағы осы мәселе, бір және тағы осы тұлғаның мүддесі бойынша, оның ішінде қайта жолданған өтініш;

4)     қайта жасалған өтiнiш - бiр тұлғадан бiр мәселе бойынша кемiнде екi рет келiп түскен:

    - осының алдындағы өтiнiш бойынша қабылданған шешiмге шағым жасалған;

    - егер бұрын жiберiлген өтiнiш келiп түскен уақыттан бастап белгiленген қарау мерзiмi өтiп кетсе, алайда арыз берушi жауап алмаған болса, оның уақтылы қаралмағаны туралы хабарланған;

    - осының алдындағы өтiнiштi қарау және ол бойынша шешiм қабылдау кезiнде жiберiлген басқа да кемшiлiктер көрсетiлген өтiнiш;

5)      депутат өтініші – Қазақстан Республикасы Парламентінің депутатының, комитеттері мен комиссиялары мүшелерінің Республикалық/Өңірлік палаталарына ақпараттарды беру және қарау туралы өтінген депутаттық сауал түрінде рәсімделмеген өтініші;

6)    прокуратура органдарының ұсынысы - оларға ықпал ететін себептер мен жағдайларды, заңды бұзушылықтарды жою бойынша міндетті шара қабылдауды қарау үшін,  сондай-ақ кінәлі тұлғаларға қатысты тәртіптік шаралар қабылдау үшін келіп түскен прокурорлық қадағалау актісі;

7)     жеке ұйғарым (қаулы) – заңды бұзушылықты жоюға және тиісті шаралар қабылдауға бағытталған, бірінші сот немесе апелляциялық сатысында істі қарау нәтижесінде шығарылған сот актісі;

8)     укілетті орган – атқарушылық құжаттарды орындауды қамтамасыз ету саласындағы қызметті мемлекеттік реттеу және мемлекттік саясатты жүзеге асыратын мемлекеттік орган;

9)      уәкілетті органның (аумақтық әділет органының) ұсынысы – Қазақстан Республикасының «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» Заңында қарастырылған негіздемелер бойынша, жеке сот орындаушысы лицензиясының әрекетін тоқтата тұру немесе тоқтату туралы мәселесін қарауға арналған; не қолданыстағы заңнама нормаларын бұзуға жол берген тұлғаларды тәртіптік жауапкершілікке тарту туралы мәселесіне жауап актісі.

3. Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау

5. Республикалық/Өңірлік палаталарға келіп түскен жеке және заңды тұлғалардың барлық өтiнiштері (бұдан әрі - өтініш) мiндеттi түрде қабылдануға, тiркелуге, есепке алынуға және қаралуға тиiс.

6. Өтініш есепке алу және маманымен келіп түскен күні тіркелуі тиіс. Келіп түскен хат-хабарлар саны көп болған жағдайда, келесі жұмыс күнінен кешіктірілмей  тіркелуге жатады.  

7. Өтiнiштi қабылдаудан бас тартуға тыйым салынады.

8. Тіркелген өтініштер тез арада Басқарма Төрағасының (Өңірлік палаталардың басшысына)  қарауына жіберіледі, олар оны қараудың тәртібін анықтайды, олардың әрбірі бойынша орындаушыларға жазбаша нұсқау береді.

9. Бір және тағы осы тұлғаның бір және тағы осы мәселе бойынша, әртүрлі мекенжайларға жіберілген және бір субъектіге (орындаушыға) белгіленген мерзім ішінде қарауға келіп түскен өтініш телнұсқа ретінде есептеледі. Өтініштің телнұсқасының тіркеу нөмірі негізгі өтініштің тіркеу нөмірі болып табылады.  Өтініштің телнұсқасы негізгі өтінішке қоса беріледі.

10. Республикалық / Өңірлік палаталарға келіп түскен өтініштегі қойылған мәселелерді шешу құзыретіне жатпайтын өтініштер, оларды берушілерге хабарлай отырып тиісті органдарға 3 жұмыс күннен кешіктірмей жібереді.

11. Республикалық палатаға келіп түскен барлық бастапқы өтініштер, өтініш  берушілерге тиісті хабарлама бере отырып,  5 жұмыс күнінен кешіктірмей филиалдарға қарауға жіберіледі.

12. Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн, депутаттар өтініштерін және сауалдарын, прокуратура органдарының, уәкілетті органның (аумақтық әділет органының) ұсыныстарын, сот актілерін қарау бойынша мәселелерін қадағалайтын Басқарма Төрағасының орынбасары, сондай-ақ Өңірлік палата басшысы аталған хат-хабарды қарауға бақылауды жүзеге асырады.

13. Осы Нұсқаулықта аталған өтініш тізбесі және бақылау орнату тәртібі жеткілікті болып табылмайды.

14. Өтініште Республикалық / Өңірлік палатаның бірнеше қызметкерлерінің құзыретіне жататын мәселелер болған кезде, толық көлемде тексеруді ұйымдастыру орындаушылар арасында бірінші көрсетілген тұлғаға жүктеледі. Ол өтініш бойынша түпкілікті жауап жобасын дайындайды.

15. Өтінішті қарау барысында жол берілмейді:

1)               шешуге, немесе оның әрекеті (әрекетсіздігі) шағымдануға жататын өтінішті өкілеттілігі жоқ тұлғаға жолдауға;

2)           олар қатысты мәселені шынайы шешуге мүдделі емес деп есептеуге негіз бар тұлғаларға тексеруді жүктеуге;

3) жеке тұлғалардың, оның ішінде заңды тұлғаның мүддесін қорғаушылардың олардың келісімінсіз жеке өмірі немесе мемлекеттік не заңмен қорғалатын өзге де құпияларға жататын мәліметтерді жария етуге;

4) өтінішке қатысы жоқ жеке тұлғаның жеке басы туралы мәліметтерді анықтауға;

5) егер бұған дейін осы тектес өтініш екі рет жіберіленіне және өтініште өойылған мәселелер бойынша толық ақпарат алу қамтамасыз етілмегеніне қарамастан, Өңірлік палатаға осы мәселе бойынша өтінішті қайта жіберуге.

16. Егер қайта жасалған өтiнiштерде жаңа дәлелдер немесе жаңадан анықталған мән-жайлар келтiрiлмесе, ал осының алдындағы өтiнiштiң материалдарында тексерудiң егжей-тегжейлi материалдары бар болса және арыз берушiлерге белгiленген тәртiппен жауаптар берiлсе, өтiнiштердi қарау тоқтатылады. Өтінішті қарауды тоқтату туралы шешімді Республикалық палатада – Басқарма Төрағасы, ал Өңірлік палаталарда – басшысы немесе оны алмастырушы тұлға қабылдайды.

17. Қарауға жатпайтын және қараусыз қалдырылатын өтiнiштер:

         1) мұндай өтiнiште дайындалып жатқан немесе жасалған қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы не мемлекеттiк немесе қоғамдық қауiпсiздiкке төнетiн қауiп туралы мәлiметтер бар және мемлекеттiк органдардың құзыреттерiне сәйкес оларға дереу жiберiлуге тиiс жағдайларды қоспағанда, иесi бүркемеленген өтiнiш;

         2) мәселенiң мәнi баяндалмаған өтiнiш;

         3) қол қойылмаған, не оған қол қоюға өкілеттілігі жоқ тұлға қол қойған өтініш,

         4) қол қоюға өкілеттілігін растайтын құжат қоса берілмеген өтініш.

         Егер өтiнiштi қараусыз қалдыруға негiз болған жағдайлар кейiннен жойылса, субъект немесе лауазымды тұлғамен аталған өтiнiш қайта қаралуға жатады.

 

4. Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн, депутаттар

өтініштерін және сауалдарын, прокуратура органдарының,

уәкілетті органның (аумақтық әділет органының)

ұсыныстарын, сонымен қатар соттың жеке ұйғарымдарын (қаулыларын) қарау тәртібі.

 

18. Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау кезінде тұлғалар өз құзыретi шегiнде:

      1) жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн шынайы, жан-жақты әрi уақтылы қарауды қамтамасыз етедi;

      2) жеке және заңды тұлғалардың бұзылған құқықтары мен бостандықтарын қалпына келтiруге бағытталған шараларды қабылдайды;

      3) арыз берушiлердi олардың өтiнiштерiн қарау нәтижелерi мен қабылданған шаралар туралы хабарлайды;

      4) арыз берушiлерге олардың өтiнiштерi өздерiнiң құзыретiне сәйкес басқа субъектiлерге немесе лауазымды тұлғаларға қарауға жiберiлгенi туралы хабардар етедi.

19. Бiр тұлғаның мүддесi үшiн бiр мәселе бойынша бiрнеше өтiнiш келiп түскен кезде бiрiншi өтiнiш негiзгi өтiнiш ретiнде тiркеледi, ал кейiнгiлерi негiзгi өтiнiшке қоса тiркеледi және бiрiншi өтiнiш келiп түскен күннен бастап есептелетiн белгiленген мерзiм шегiнде оларды шешудiң нәтижелерi туралы арыз берушiлерге хабарлана отырып, бiр өтiнiш ретiнде қаралады.

Егер шешілген негізгі өтініштен кейін осы тектес өтініш келіп түссе (өтініш иесінің негізгі өтінішке жауап алғанға дейін жіберілген), онда  бұрын жауап жіберілген күні мен нөміріне сілтеме жасай отырып, қабылданған шешімді қысқаша баяндау арқылы 10 күннен кешіктірмей оған жауап жіберіледі.

20. Жеке немесе заңды тұлғалардан, басқа да органдардан ақпарат алу немесе қаралу орнына барып тексеру талап етілмейтін өтініш, Республикалық / Өңірлік палаталарда тіркелгеннен күннен 15 жұмыс күні ішінде қаралады (№1 Қосымша).

21. Жеке немесе заңды тұлғалардан, басқа да органдардан ақпарат алу немесе қаралу орнына барып тексеру талап етілетін өтініш, Республикалық / Өңірлік палаталарда тіркелгеннен күннен 30 күнтізбелік күні ішінде қаралады және ол бойынша шешім қабылданады (№2 Қосымша).

22.      Қосымша зерделеу немесе тексеру жүргiзу қажет болған жағдайларда, қарау мерзiмi күнтiзбелiк отыз күннен аспайтын мерзiмге ұзартылады, бұл туралы қарау мерзiмi ұзартылған күннен бастап күнтiзбелiк үш күн iшiнде өтініш берушiге хабарланады.

Өтінішті қарау мерзімі жазбаша негізделген қызметтік хат негізі бойынша Басқарма Төрағасымен / филиалдар басшылары не олардың орынбасарымен ұзартылады.

23. Егер өтiнiште баяндалған мәселелердi шешу ұзақ мерзiмдi талап етсе, онда өтiнiш түпкiлiктi орындалғанға дейiн қосымша бақылауға қойылады, бұл туралы шешім қабылданған күннен бастап күнтiзбелiк үш күн iшiнде өтініш берушiге хабарланады.

24. Өтінішті қарау барысында мамандар (орындаушылар) белгіленген тәртіппен қажетті ақпараттарды алуға және сұратуға құқығы бар.

25. Егер өтініш Республикалық / Өңірлік палаталардың қызметкерлеріне қатысты қызметтік тексеруге себеп болған жағдайда, онда тексеру аяқталғаннан кейін, өтініш қызметтік тексерудің материалдарына қоса беріледі.

26. Өтiнiштерге берiлетiн жауаптар Қазақстан Республикасының заңнамасына сiлтеме жасай отырып, мазмұны бойынша негiзделген және дәлелдi, мемлекеттiк тiлде немесе өтiнiш берiлген тiлде болуға, арыз берушiнiң қабылданған шешiмге шағым жасау құқықтарын түсiндiре отырып, оның дәлелiн жоққа шығаратын немесе растайтын нақты деректердi қамтуға тиiс.

27. Республикалық палатаға келіп түскен өтініштердің жауаптары Басқарма Төрағасының немесе оның орынбасарларының, Өңірлік палаталарда тек басшысының немесе оны алмастырушының қол қоюмен жіберіледі.

28. Шешу нәтижелері туралы Парламент Сенаты мен Мәжілісінің депутаттарына, Президент Әкімшілігіне, Премьер – Министрдің Кеңсесіне, Қазақстан Республикасының Бас Прокуратурасына жіберілуі қажет өтініштер ерекше бақылауға алынады.

29. Есепке алу және бақылау жасау маманы құжатты жіберер алдында:

1) алушының мекен-жайының дұрыстығын;

2) егер шығыс құжат сауалға жауап болып табылса, келіп түскен құжаттың немесе істің шығыс нөміріне сілтеменің болуын;

3) құжаттардағы көрсетілген қосымшалардың болуын (беттер саны немесе қоса берілген құжаттар томы);

4) құжатқа қол қойған тұлғалардың қолының болуын және тиістілігін;

5) орындаушының тегінің, аты, әкесінің аты және қызметтік телефон нөмірінің болуын тексеруге міндетті.

30. Өтініш бойынша хат алысуды орындаушы тиісті материалдармен рәсімдейді және сақтау үшін хронологиялық тәртіппен (өтініштің түсу күні бойынша) жинақтауышқа тігіледі.

31. Прокуратура органдарының ұсыныстары міндетті түрде заңдылықты бұзушылықтарды жою, сондай-ақ оларға ықпал ететін себептер мен жағдайларларға шаралар қарастырумен, прокурор белгiлеген мерзімде 30 күнтізбелік күннен кешіктірмей  (оның ішінде прокурордың қатысуымен) қарастырылуы тиіс.  

Республикалық палатаға қарауға келіп түскен және Өңірлік палатаға қайта жіберілген ұсыныстар прокурор белгiлеген мерзімде, бірақ ұсыныстың Республикалық палатада тіркелген мезетінен 30 күнтізбелік күннен кешіктірмей  қарастырылуға жатады.

Қолданыстағы заңнамада, немесе прокуратура белгілеген мерзімде, заңдылықты бұзушылықты жою бойынша қабылданған шаралар туралы жауап және кінәлі тұлғаларды жазалау туралы бұйрықтардың көшірмелері прокуратураға жіберіледі.

32. Жеке ұйғарым (қаулы) міндетті түрде заңдылықты бұзушылықтарды жою, сондай-ақ оларға ықпал ететін себептер мен жағдайларларға шаралар қарастырумен, қабылданған шаралар туралы хабарлаумен бір айлық мерзім ішінде қарауға жатады.  

Республикалық палатаға қарауға келіп түскен және Өңірлік палатаға қайта жіберілген жеке ұйғарым (қаулы),  Республикалық палатада тіркелген мезетінен 30 күнтізбелік күннен кешіктірмей  қарастырылуға жатады.

33. Уәкілетті органның (аумақтық әділет органының) ұсыныстары   міндетті түрде заңдылықты бұзушылықтарды жою, сондай-ақ оларға ықпал ететін себептер мен жағдайларларға шаралар қарастырумен,  уәкілетті орган (аумақтық әділет органы) белгiлеген мерзімде, бірақ 30 күнтізбелік күннен кешіктірмей  қарастырылуға жатады.   

Республикалық палатаға қарауға келіп түскен және Өңірлік палатаға қайта жіберілген ұсыныстар,  Республикалық палатада тіркелген мезетінен, бірақ уәкілетті орган (аумақтық әділет органы) белгiлеген мерзімде 30 күнтізбелік күннен кешіктірмей  қарастырылуға жатады.

 

5. Есептілік.

 

34. Өңірлік палаталар тоқсан сайын, есепті айдан кейінгі айдың 3-күнінен кешіктірмей, Республикалық палатаға келіп түскен жеке және заңды тұлғалардың өтініші, сондай-ақ прокуратура органдарының, уәкілетті органның (аумақтық әділет органының) ұсыныстары және сот актілері бойынша белгіленген нысанға сәйкес (№3 және №4 Қосымша) есеп береді

 

қосымша 1

қосымша 2

қосымша 3

қосымша 4