Қобда аудандық сотында «Сот актілерінің орындалуы» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді

Қобда аудандық сотында   «Сот актілерінің орындалуы» тақырыбында  дөнгелек үстел   өтті.

Іс-шараға сот төрағасы А.Т.Анарбаев, кеңсе меңгерушісі А.Маденова, кеңсе мамандары  ,  аудан прокурорының  аға көмекшісінің   міңдет  атқарушісі  Л.Тайланова , Қобда АІІБ нің өкілдері  және  Ақтөбе облысы   бойынша  жеке  сот орындаушылар онірлік палатасының  жеке сот   орындаушысы З.Ж.Умарова  қатысты.

Мәлім болғандай, атқару өндірісі азаматтардың құқықтарын қорғау және оны қамтамасыз ету нысандарың бірі болып табылады, өйткені оның міндеттерінің бірі азаматтық және әкімшілік істер бойынша сот шешімдерінің, ұйғарымдардың  және қаулылардың, мүліктің бөлшегін өндіріп алуда, қылмыстық істер бойынша үкім және қаулыларды, сонымен бірге заңмен көрсетілген жайларда – басқа органдардың шешімдері мен қаулыларын уақытылы орындалуы болып табылады.

Жалпы сот актілерінің орындалуы туралы кеңсе меңгерушісі А.К.Маденова    баяндады, ол өз сөзінде сот тарапынан орындауға жіберілетін құжаттарды әзірлеуде олардың процессуалдық мерзімдері, сонымен қатар оларға қойылатын азаматтық процесстік заңнаманың талаптары мүлтіксіз сақталатындығын айтып өтті.  Дегенмен, орындауға электронды түрде жолданған құжаттардың кейбірі сот орындаушыларымен қабылданбайтындығы алаңдатады.

Дөнгелек үстел  өту  барысында атқару құжаттарды орындау барысында қиыншылықтарға әкеліп соқтыратын нақты мәселелерді шешу жолдары талқыланып, семинар сабағына қатысушыларының назары сот актілерін орындау бойынша жұмыс сапасын көтеруге пәрменді шаралар қолдану қажеттігіне, мемлекет кірісіне өндірілетін сомалар туралы  атқару өндірісін орындаған кезде формалды тәсіліне жол бермеуге аударылды.

Іс шара аяқталу барысында дөнгелек үстел  қатысушылар  осындай шаралар жұмыс сапасын көтеретіндігін белгілеп, өз алғыстарын айтты.

Қайнар: Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі, www.akt.sud.kz