ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЖЕКЕ СОТ
ОРЫНДАУШЫЛАРЫНЫҢ
РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ПАЛАТАСЫ

  • ҚР ӘМ құқықтық ақпарат қызметі құқық мәселері бойынша кеңес беру
  • +7(7172) 58-00-58
  • 119 - барлық қалалық телефондарынан

ҚР ЖСО Республикалық палатасы «Мәжбүрлеп орындау саласындағы ақпараттық технологиялар» тақырыбында өткен VIII халықаралық ғылыми-практикалық конференциясында

Атаулы шараның басты ұйымдастырушылары: Владимир облысы басқармасының қолдауымен сот орындаушыларының Федералық қызметі, Жалпыресейлік халықаралық заң университеті, А.Г. және Н.Г. Столетиндер атындағы Владимир мемлекеттік университеті және заң саласындағы білім алу Ассоциациясы.

Халықаралық конференцияға 54 делегацияның құрамында келген 169 адам қатысты. Биылғы жылы конференцияға қатысушы елдердің саны 28-ге дейін артты. Олардың қатарында Германия, Франция, Бельгия, Финляндия, Латвия, Эстония, Румыния, Албания, Черногория, Чехия, Сербия, Қытай, Тайланд, Камбоджа және ТМД елдерін атап өтуге болады.

 

asas

 

 

Конференцияның ашылу күнінде, яғни, 21 қыркүйек күні Сот орындаушыларының Федералық қызметі директоры Дмитрий Аристов, Сот Орындаушыларының Халықаралық Кеңесінің (СОХК) Президенті Франсуаза Андрие және Владимир облысының губернаторы Светлана Орлова ашылу салтанатына орай сөз сөйледі.

СОХК Президенті Франсуаза Андрие «Блокчейн деген не? Ол қалай жұмыс істейді? Оның мәжбүрлеп орындауға қатысы қандай?» деген тақырыпты қозғады. Мәжбүрлеп орындаудағы ақпараттық технологиялар жайында Финляндия Республикасы Мәжбүрлеп орындаудың Мемлекеттік қызметі директоры Юхани Тоукола, Беларусь Республикасы Әділет министрлігі мәжбүрлеп орындау бөлімінің Төрағасы Дмитрий Коваленко, Эстония Республикасының өкілі Янек Поол, ГФР Сот орындаушыларының ұйымының Төрағасы Андреас Цедель, ҚР Жеке сот орындаушылары Республикалық Палатасының Төрағасы Сергей Ли, Латвия Республикасы сот орындаушылары Кеңесінің Төрағасы Андрис Споре, Қырғыз Республикасы Сот департаментінің басқарма Төрағасы Нұрлан Пирназаров баяндамаларын оқыды.

ҚР ЖСО Республикалық палатасының Төрағасы Ли С.М. «Қазақстан Республикасындағы электрондық атқарушы өндіріс» тақырыбы аясында баяндама жасады. Айтып өтерлік жайт, 2018 жылдан бастап электрондық өнжіріске өтудің нәтижесінде, атқарушы өндіріс автоматизациялау 80 пайызға дейін өсуі жоспарлануда.

 

ghgh

 

 

Конференцияға қатысқандар мәселелерді талқылауға ғана мүмкінідік болғаны үшін ғана емес, серіктестікті дамытуға үлес тигізгені үшін өз кезегінде шараны ұйымдастырушыларға өз ризашылығын білдірді. Конференцияда талқыланған мәселелер оған қатысқан мемлекеттердегі заңнаманы дамыту және атқарушы өндіріс саласын жетілдіруге түрткі болары күмәнсіз.   

 

yhhy

 

2018 Июнь < >
ПнВтСрЧтПтСбВс
    
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
 

Сегодня родились 23
Июня

Сегодня нет день рождений