ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЖЕКЕ СОТ
ОРЫНДАУШЫЛАРЫНЫҢ
РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ПАЛАТАСЫ

  • ҚР ӘМ құқықтық ақпарат қызметі құқық мәселері бойынша кеңес беру
  • +7(7172) 58-00-58
  • 119 - барлық қалалық телефондарынан

БАҚ біз жайлы: Қазақстанда сот орындаушылар қызметі мен жүктемесі арта бермек

Бүгінгінің борышкерлері кімдер, жеке орган өкілдері осы күнге дейін қанша қаражат қайтарды, бұл қызмет қаншалықты табысты

Қазақстанда жүргізіліп жатқан құқықтық реформаларға сай 2016 жылдан бастап барлық санаттағы атқарушылық құжаттар жеке сот орындаушылар құзырына берілгені белгілі.  Оның ішінде мемлекет кірісіне өндіріп алу және экономикалық, әлеуметтік маңызы бар бірқатар істер кіреді және талапкерлер үшін  МСО және ЖСО-ды таңдау құқығы алынып тасталды.  Яғни, мемлекеттік институт  кезең-кезеңімен қысқарып, жеке сот орындаушыларды дамыту жалғаса береді.  Forbes.kz   осы және өзге мәселелерге байланысты ҚР Жеке сот орындаушылар палатасы Басқарма Төрағасы орынбасарының қызметін атқарушы Қайрат Кұрманбаевпентілдесті.

F: Қазақстандағы жеке сот орындаушылар қызметі толық қалыптасып үлгерді ме? Не өзгерді, тараптар үшін тиімділігі қандай?

2010 жылы қабылданған ҚР «Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы» Заңның негізінде елімізде жеке және мемлекеттік сот орындаушылар қызметтері қатар жүретін ерекше модель еңгізілгені белгілі.  Жеке сот орындаушылар институтының құрылған кезінен бастап, мәжбүрлеп орындаудың осы нұсқасының келесідей тиімді жақтарын атауымызға болады:

Біріншіден, сот және басқа да актілерді орындау сапасының жоғарылауы;

Екінші, өндіріп алушылардан келіп түскен арыз-шағым санының азаюы;

Үшіншіден,  орындаудың мерзімі азайды және жеделдігі жақсара түсті;

Төртінші, сот және басқа да актілерді орындауды қамтамасыз етуге бөлінетін мемлекеттік шығын азая түсті.

Жеке сот орындаушылар қызметі саласы тиімділігінің тағы бір қыры -  жеке сот орындаушылары атқарушылық құжаттарды орындаудың нәтижесіне деген мүдделілігінде, өзіндік қызығушылығында. Себебі олардың еңбекақы мөлшері атқарылған жұмыс көлеміне тәуелді.

F: Мемлекеттік орындаушылар бюджетке тәуелді екені белгілі. Ал сіздердің табыс қалай белгіленеді? Бұл қызмет қаншалықты кірісті?

 - Жеке сот орындаушы өзінің қызметі үшін алатын ақы мөлшері 2014 жылғы 4 мамырдағы № 437 ҚР Үкімет Қаулысында бекітілген. Төлемақы сомасы атқарушылық құжатта көрсетілген сомаға тікелей тәуледі, ол неғұрлым жоғары болса, көрсетілген қызметтің ақысы да соғұрлым төмендей түседі, және керісінше сәйкесінше болады. Яғни, сот орындаушылардың қызметіне 3-25% дейін алынуы мүмкін. Сондықтан, берешектерді уақытында төлеген дұрыс. Олай болмаған жағдайда борышкерлерге қарызбен бірге осы көрсеткіш аралығында  орындау ақысын қоса төлеуге тура келеді. 

F: Сандарға көшсек. Қазір қанша жеке сот орындаушы қызметі бар? Олар қанша қаражат өндіріп үлгерді?

- Қазіргі таңда Республика бойынша 1664 ЖСО қызмет атқаруда. 2017 жылдың қорытындысы бойынша жеке сот орындаушылар жылпы сомасы 159,6 млрд теңгені құраған 838 911 атқарушылық іс-қағаздарын орындады.

F: Қазіргі күні орындалмаған талап арыздар қанша? Негізінен қандай істер? Борышкерлер кімдер?

- Белгілі статистика бойынша, 2017 жылы 1 млн 445 мың өндіріс құжаты орындалмаған. Оның негізгі бөлігі мемлекет кірісіне өндіріп алуға қатысты атқарушылық іс-қағаздар (әкімшілік айыппұлдар – 30,2%, мемлекеттік баж - 17%, тағы басқа - 18,5%) және заңды тұлғалар еншісіне (34,3%) (оның ішінде екінші деңгейлі банктер) тиесілі.

F: Банк демекші, қаржы,несие нарығындағы жағдай қандай?

- Банктерге қатысты статистика келесідей: екінші деңгейлі банктерге өндіріп алу құжаттарының саны – 133 мың. Олардың жалпы сомасы - 2 трлн 550 млрд теңгені құрайды. Бүгінде сомасы 20,8 млрд теңгені құрайтын 5168 өндіріс құжаттары орындалды.  

F: Сіздерге қандай құзірет берілген, қандай артықшылықтарыңыз бар?

- Сот орындаушы жеке тұлғалардың банктік есепшоттары туралы ақпарат алуға, өндіріс іс-құжаттарын орындау әрекеттерінің аудио - бейнетүсірілімін жүргізуге, яғни, борышкердің хабарлама қағазымен, жеке сот орындаушысының басқа да процессуалдық құжаттарымен  танысуға бас тартуы фактісін тіркеуге құқылы.  

Жеке сот орындаушының құзіретіне сот санкциялауы бойынша мүлікке тыйым салу, жылжымайтын мүлік, құқық белгілеуші құжаттарынан айыру, Қазақстан Республикасы шекарасынан өтуге тыйым салу жатады.

F: Жеке сот орындаушыларын мемлекеттікпен салыстығандағы тиімділігі қандай?  Өндірістің басым бөлігі кімнің үлесінде? Дерек бар ма?

- Жеке сот орындаушылардың мемлекеттік сот орындаушыларымен салыстырғандағы тиімділігі:

- орындау мерзімінің төмендеуі мен жылдамдығының жоғарылығы;

- сот және басқа да актілерді орындауда мемлекеттік шығынның азаюы;

- Жеке сот орындаушылардың мәжбүрлеп орындаудың құжыттарын тез арада орындаудағы өзінің мүдделігі, себебі, оның табысы өндіріп алу сомасына байланысты.

Бүгінде  ЖСО-да 1 млн 445 мың өндіріс құжаттары бар, ал мемлекеттік орындаушылардың еншісіне 56 мың өндіріс құжаттары тиесілі. Аталған санның 35 мыңы алимент өндіріп алуға қатысты материалдар. 

 

F: Қазақстан қандай мемлекеттердің тәжірибесін зерттеді, қай елдің моделін  енгізді?

- Сот шешімдерін жеке нұсқада мәжбүрлеп орындау Франция, Италия, Нидерланды, Люксембургжәне басқа да континенталдық Еуропа мемлекеттерінде жақсы нәтижелерге қол жеткізіп отыр. Қазақстандағы жеке сот орындаушылар институтының негізі ретінде алынған француздық жүйе бүгінде қолданысқа еніп, өзінің жағымды қорытындысын көрсетуде.

F: ЖСО қызметін дамыту үшін  халықаралық келісімдер, шет елдермен  ынтымақтастық орнатылды ма? Біздің мамандар әлемдік талапқа сай ма?

- 2015 жылы ЖСО Республикалық палатасы мен Сот орындаушылар Халықаралық Одағы (UIHJ) арасында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды. Қазіргі таңда, халықаралық мамандар палатамыздың қызметінің дамуына бағыт-бағдар сілтеп, Қазақстандағы жеке сот орындаушы институтын алға қарай басуына әдістемелік кеңес көрсетеді.

Жеке сот орындаушылар біліктілігін арттыру мақсатында, 2016 жылдың 27 мамыр күні  «Жеке сот орындаушылары және көмекшілердің оқу орталығы» мекемесі құрылды.

Франция Ұлттық палатасымен, Ресей Сот Жасауылдары Федералдық Қызметімен, Молдова Ұлттық сот орындаушылары палатасымен, Литва Сот Жасауылдары, Бельгия Ұлттық Сот Жасауылдары, Болгария жеке сот орындаушылар Палатасымен өзара ынтымақтастық туралы келісімдерге қол қойылды.

Осылайша, Республикалық палата шетелдік мәжбүрлеп орындау қызметтері тәжірибесін зерттеуде үлкен жұмыс атқарды, қазақстандық мамандар Франция, Германия, Болгария, Ресей, Литва, басқа да мемлекеттерде тағылымдамадан өтіп, оқып келді. Палатаның бастамасымен халықаралық және мемлекеттік деңгейде бірнеше форумдар, пікірталастар өткізілді.

Айта кетерлік мәселе, ҚР жеке сот орындаушылар Республикалық палатасының IV Съезінде Жеке сот орындаушы институтын дамытудың 2018-2025 жылдарға арналған даму бағдарламасы қабылданды.

 

                                                                                                                                                         forbes.kz интернет порталынан

 

2018 Апрель < >
ПнВтСрЧтПтСбВс
      
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
      

Сегодня родились 22
Апреля

Сегодня нет день рождений