Электр энергиясына қарыз солтүстік қазақстандықтар пәтерлерінен айырылады

Жылдың басынан бері «Севказэнергосбыт» ЖШС сот органдарына 1983 талап арыз жолдады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі «СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Осы бойынша соттың шешімі шыққанға дейін энергияны тұтынған қарыздарын 472 дебитор төледі, төлемеген 529 абонент соттың шешімімен 85,2 млн теңге қарызын қайтарды. Қазір сомасы 74,6 млн теңгені құрайтын 982 арыз қаралып жатыр.

Энергиямен жабдықтау ұйымының баспасөз қызметі хабарлағандай, сот дебиттік қарызды өтеу туралы шешім шығарғаннан кейін төлемейтіндермен жеке сот орындаушылары айналысатын болады.

Соңғы екі жылда оларға 141,3 млн теңгені құрайтын 2262 атқару парағы берілген. Жеке сот орындаушылары 1101 парағы бойынша  89,2 млн теңгені өндіріп берді.

«Жеке сот орындаушылары атқару өндірісі аясында мәжбүрлі шараларды қолдануда. Олар қарыз болған азаматтардың жылжымайтын мүліктерін, пәтерлерін алу арқылы қарызды өндіруде. 2016 жылы сот екі пәтерді, 2017 жылдың басынан бері - он бір дебитордың пәтерін өндіріп алуды қанағаттандырды», - деді «Севказэнергосбыт» ЖШС бас директорының міндетін атқарушы Мағауия Сағындықов. 


Сілтеме: www.inform.kz