ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЖЕКЕ СОТ
ОРЫНДАУШЫЛАРЫНЫҢ
РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ПАЛАТАСЫ

  • ҚР ӘМ құқықтық ақпарат қызметі құқық мәселері бойынша кеңес беру
  • +7(7172) 58-00-58
  • 119 - барлық қалалық телефондарынан

Мәжілісте алиментті өндіріп алу бойынша өзекті мәселелер талқыланды

2017 жылдың 16 наурызында депутат Айқын Қоңыровтың төрағалымен «Халық коммунистері» фракциясының кеңейтілген отырысы өтті.

 

Отырыста алиментті өндіріп алудың өзекті мәселелері талқыланды. Бұл мәселелерді талқылауға мемлекеттік органдардың, саяси партиялардың өкілдері, сонымен қатар қоғамдық қайраткерлер мен жалғызбасты аналар қатысты.

 

 

Парламент Мәжілісінің депутаты Магеррам Магеррамов  өзінің баяндамасында кәнігі алимент төлемеушілердің балаларын алименттік жәрдемақымен қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін мемлекеттік алименттік қор құру туралы ұсыныс жасады.

 

Қазіргі таңда жүзеге асырылып жатқан шараларға қатысты баяндамамен ҚР Еібек және халықты әлеуметтік қорғау Вице-Министрі Светлана Жақыпова сөз сөйлеп, онда әлеуметтік көмек берудің жаңа тәсілдері туралы айтты, оның біріне бұл әлеуметтік келісімшарт жасасқан және жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және әлеуметтік бейімделу шараларына қатысқан жағдайда аз қамтылған отбасыларға шартты ақшалай көмекті  ұсынуды көздейтін пилоттық бағдарлама «Өрлеу» жобасы жатады.2016 жылы «Өрлеу» жобасына  приняли 38,8 мың адам қатысты. Жобаны іске асыру оған қатысушылардың жан басына шаққандағы табысын 2 еседен астам ұлғайтуға; жұмыспен қамту шараларына оған еңбекке қабілетті қатысушылардың  90,5%  жуығын тартуға; пилоттық аймақтарда атаулы әлеуметтік көмек алушыларды  24,7% азайтуға мүмкіндік жасады.

 

Қазақстан Республикасы жеке сот орындаушыларының Республикалық палатасы алимент бойынша атқарушылық іс жүргізудің орындалуын жақсартуға қатысы өз ұсынымдарын ортаға салды. Басқарма Төрағасы С.М. Ли ІІМ өзара әрекет ету және әсер ету тетіктерін дамытудың қажеттілігін атап өтті, бұл қазіргі таңда тиімді қызмет жасамауда және осылайша борышкерді іздеу және мәжбүрлеп орындату бөлігі бойынша ішкі істер органдарының қызметкерлерінің жәрдемдесуі қажет. Бұл ІІО қызметкерлерінің мәжбүрлеп орындатуды жүргізу тәртібі бойынша тиісті регламенттің болмауымен байланысты.

 

Сонымен қоса, жеке сот орындаушыларына кәнігі төлемеушілерді әкімшілік жауапкершілікке тарту құқығын беретін өкілеттік берудің қажеттілігі туралы да сөз болды, ол көптеген маңызды мәселелерді шешуге мүмкіндік берер еді.

 

 

Деректер: ҚР ЖСО Республикалық палатасының, ҚР Парламенті Мәжілісінің, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз-қызметі.

 

2017 Ноябрь < >
ПнВтСрЧтПтСбВс
  
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
   

Сегодня родились 23
Ноября

Сегодня нет день рождений