Жеке сот орындаушыларының республикалық палатасының басқару органдары

Республикалық палатаның басқару органдары мыналар болып табылады:

 

 

Сиез – басқарудың жоғары органы;

 

Төралқа – басқару органы;

 

Басқарма – атқарушы органы;

 

Тексеру комиссиясы – бақылаушы органы.

 

 

Республикалық палатаның жоғары органы жеке сот орындаушыларының Сиезі болып табылады.

 

Төралқа – Республикалық палатаның басқару органы, ол 19 (он тоғыз) мүшесінен, оның ішінде уәкілеттік органның үш өкілінен, болған жағдайда, әр облыстардың, республикалық мәні бар қаласының және Қазақстан Республикасының елордасының өкілдері болып табылатын он алты жеке сот орындаушыларынан тұрады.

 

Төралқа мәжілістеріне Төралқа Төрағасы төрағалық етеді, Төралқаның хатшысы Басқарма Төрағасы болады, Басқарма Басқарма Төрағасынан және Төралқа сайлайтын екі мүшесінен құралады.

 

Тексеру комиссиясы Республикалық палата қызметінің жыл қорытындылары бойынша, соңғы есепті ай кезеңінің келесі бір ай ішінде Республикалық палатаның қаржы-шаруашылық қызметінің тексерулерін жүргізеді.