Лицензия беруден бас тарту неіздері

«Лицензиялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңы

«Лицензиялау туралы» ҚР Заңының 45-бабына сәйкес егер:

1) Қазақстан Республикасының заңдарында субъектілердің осы санаты үшін қызметтің жекелеген түрімен айналысуға тыйым салынған;

2) қызмет түріне лицензия беруге өтініш берілген жағдайда қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алым енгізілмеген;

3) өтініш беруші біліктілік талаптарына сай келмеген ;

3-1) өтініш берушіге лицензия беру келісуші мемлекеттік органмен келісілмесе;

4) өтініш берушіге қатысты оған қызметтің жекелеген түрімен айналысуға тыйым салатын заңды күшіне енген сот үкімі болған;

6) сот орындаушысының ұсынуы негізінде сот өтініш берушіге лицензия алуға тыйым салған жағдайларда лицензия және (немесе) лицензияға қосымша беруден бас тарту жүзеге асырылады.

  1. Лицензия беруден бас тартқан жағдайда лицензиар лицензия және (немесе) лицензияға қосымша беру үшін белгіленген мерзімдерде өтініш берушіге дәлелді жауап қайтарады.