Палата мүшелігіне қабылдау, ауыстыру және шығару ережеcі

                                                                     Қазақстан Республикасы

                                                                               жеке сот орындаушыларының

                                                                       Республикалық палатасы

                                                                             Басқармасының 2016 жылғы

                                                                                      19 сәуірдегі шешімімен                  

                                                бекітілген

 

 

 

Қазақстан Республикасы жеке сот орындаушыларының Республикалық палатасының мүшелігіне қабылдау, ауыстыру және шығару

 

 Ережесі

 

 

 

1. Жалпы ережелер

 

  1. Қазақстан Республикасы жеке сот орындаушыларының Республикалық палатасының мүшелігіне қабылдау ауыстыру және шығару Ережесі (бұдан әрі - Ереже) Қазақстан Республикасының «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» Заңының 163-1 бабының 1 тармағының 1) тармақшасына, жеке сот орындаушыларының Республикалық палатасы Жарғысының  3, 21, 24, 32, 51 баптарына (бұдан әрі - Жарғы) сәйкес әзірленді және жеке сот орындаушыларды жеке сот орындаушыларының Республикалық палатасының (бұдан әрі – Республикалық палата) мүшелігіне қабылдау, ауыстыру және шығару тәртібін анықтайды. 
  2. Лицензия алған, Республикалық палатаға мүшелікке кіруге ықылас танытқан жеке сот орындаушысы (бұдан әрі - үміткер) өңірлік палатаға қабылдау туралы өтініш (№1 қосымша) жасауға міндетті.
  3. Үміткер өтінішке қоса келесі құжаттарды ұсынады:

1)                      жеке куәлігінің көшірмесі;

2)                      лицензия көшірмесі;

3)                      Республикалық палатаға ұсынардан бұрын мерзімі бір айдан аспаған, наркологиялық және психиатриялық ұйымның медициналық анықтамасы;

4)                      Республикалық палатаға ұсынардан бұрын мерзімі бір айдан аспаған, сотталмағаны туралы мәлімет;

5)                      кіру жарнасының төленгені туралы түбіртегінің көшірмесі;

6)                      кадр есебі бойынша жеке парағы фотосуретімен (3х4).

  1. Осы Ереженің Пакет 3 тармағында аталған құжаттар жиынтығы өңірлік палатаға жолдама қосымшасымен ((№2 қосымша) жинақталады және оны өңірлік палата он күн ішінде Республикалық палатаға жолдайды.
  2. Өтінішті Басқарма отыз күн ішінде қарайды.
  3. Палатаға қабылдау өңірлік палатаның комиссиясы үміткермен әңгімелесу арқылы және Республикалық палата Басқармасының шешімімен жүзеге асырылады.
  4. Өңірлік палатада әңгімелесу өткізу жөніндегі комиссия (бұдан әрі – комиссия) құрылады. Комиссия 3 (үш) мүшеден тұрады, оның ішінде 1 – филиал басшысы, 1- Төралқа мүшесі, 1 – жеке сот орындаушысы. Комиссия Республикалық палата Басқармасы Төрағасының бұйрығымен бекітіледі.
  5. Үміткермен әңгімелесу кезінде жеке сот орындаушысының Республика палата Жарғысы және Қазақстан Республикасы жеке сот орындаушыларының кәсіби ар-намыс Кодексін білу деңгейі бағаланады.
  6. Өңірлік палата комиссиясының әңгімелесуі Республикалық палата Басқармасының аудио (бейне) селекторлық байланыс мәжілісімен бірмезетте жүргізілуі мүмкін.

 

2. Басқарма және өңірлік палата комиссиясының бірлескен мәжілісінде палатаға қабылдау

 

      10. Өңірлік палата Республикалық палатаның келісімі бойынша әңгімелесу өткізу уақытын және күнін, сонымен қатар үміткерлер тізімін анықтайды, ол туралы өңірлік палата үміткерге дер кезінде хабарлайды.

 

      11. Комиссия және Басқарманың бірлескен мәжілісі кезінде, қабылдау туралы шешім осы мәжілісте қабылданады.

 

      12. Кіру жарнасын төлеуді кейінге шегеру мәселесі бірмезетте қаралуы мүмкін.

 

 13. Республикалық палата мүшелігіне қабылдаудан бас тартқан жағдайда, кіру жарнасы қайтарылады.

 

3. Өңірлік палата комиссиясының Басқарманың қатысуынсыз әңгімелесу

 

       14. Өңірлік палата әңгімелесу өткізу уақытын және күнін, сонымен қатар үміткерлер тізімін анықтайды, ол туралы өңірлік палата үміткерге дер кезінде хабарлайды.

 

       15. Әңгімелесу қорытындысы бойынша комиссия тұжырым жасайды және шешім қабылдау үшін Республикалық палата Басқармасына жібереді.  

 

       16. Үміткердің білім деңгейі қанағаттанарлықсыз болған жағдайда, әңгімелесу келесі мәжіліске ауыстырылады.

 

       17. Комиссия әңгімелесу қорытындысы бойынша үміткерге практикалық оқу курсынан өтуге ұсыныс жасауға құқылы.

 

 

4.     Бір округтен (облыстан) басқасына ауыстыру

 

          18. Жеке сот орындаушысын бір округтен (облыстан) басқасына ауыстыру, өңірлік палатаның жазбаша қолдаухаты бойынша, келесі іс-әрекеттер өткізілгеннен кейін, Басқарманың шешімімен жүргізіледі:

1)    Жеке сот орындаушысының ауыстыру туралы өтінішін өңірлік палата ілеспе хатпен қоса қабылдаушы тарапқа (облыс) келісім және бекітілетін ауданын анықтау үшін жолдайды;

2)    Қабылдаушы тарап өтінішті бес күннен асырмай қарайды және қабылданған шешім қорытындысы туралы жазбаша жауап қайтарады (№ 3 қосымша).

 

           19. Ауыстырылатын жағдайда, жеке сот орындаушысы келесі іс-әрекеттерді жүргізуге міндетті:

1)                      мұрағаттарды өңірлік палатаға тапсыру;

2)                      барлық атқарушылық өндірісті аяқтау;

3)                      мөртабандар мен мөрлерді өңірлік палатаға тапсыру;

4)                      қызметтік куәлігін өңірлік палатаға тапсыру;

5)                      аумақтық уәкілетті органы және аумақтық мемлекеттік кірістер органының есептік тіркеуінен шығу;

6)                      өңірлік палатаға кіру жарнасының (аймақтарға байланысты) айырмасын төлеу түріндегі мақсаттық жарнаны төлегені туралы түбіртек көшірмесін ұсыну.

 

             20. Жеке сот орындаушының осы Ереженің 19 бабының талаптарын орындағаннан кейін, өңірлік палата Республикалық палатаға қарау үшін өтінішпен қоса жазбаша қолдаухат жібереді.

 

             21. Ауыстыру мына жағдайларда:

        1) жеке сот орындаушының Республикалық палата алдында кіру, ай сайынғы мүшелік жарналары және басқа төлемдер бойынша берешегі болғанда;

         2) Ереженің 19 тармағын орындамағанда жүзеге асырылмайды.

 

5.     Жеке сот орындаушының өтініші бойынша Республикалық палата мүшелігінен шығару

 

               22. Жеке сот орындаушының өтініші бойынша Республикалық палата мүшелігінен шығару (№ 4 қосымша) мәселесін:

1)                      атқарушылық өндірісті аяқтағаны туралы;

2)                      өңірлік палатаға мөртабандар мен мөрлерін тапсыру;

3)                      өңірлік палатаға қызметтік куәлігін тапсыру;

4)                      мұрағаттарды өңірлік палатаға тапсыру;

5)                      аумақтық уәкілеттік органның есептік тіркеуінен шығу туралы;

6)                      мүшелік жарна және басқа төлемдер бойынша берешектерінің төленгені туралы мәліметтері көрсетіле отырып, өңірлік палатаның қолдаухаты бойынша Басқарма қарайды.

 

                               6. Қорытынды

 

         23. Республикалық палата жеке сот орындаушының өңірлік палатадан тыс ұсынған материалдарын қарастырмайды.

 

         24. Республикалық палатаға ұсынылған материалдардың толықтығына және дұрыстығына өңірлік палатаның бірінші басшысы тікелей жауапты болады.

 

         25. Республикалық палата мүшелігіне қабылдағаннан немесе ауыстырылғаннан кейін жеке сот орындаушы үш күн ішінде:После вступления в члены Республиканской палаты или перевода частный судебный исполнитель в течение трех дней обязан:

1)  аумақтық уәкілеттік органда есептік тіркеуге тұруға;

2) аумақтық уәкілеттік органда есептік тіркеуге тұрғаннан кейін аумақтық мемлекеттік кіріс органына тіркелуге міндетті.

           26. Аумақтық уәкілеттік органда тіркелгеннен кейін жеке сот орындаушы бір ай ішінде кеңсе (қызметтік орын-жай) ашуға міндетті.

 

           27. Жеке сот орындаушы кеңсе (қызметтік орын-жай) ашу рәсімдерін аяқтаған соң:

 

1)                      өңірлік палатаға заңды мекен-жайын, телефондарын (жұмыс, ұялы), электрондық мекен-жайын көрсете отырып, кеңсе (қызметтік орын-жай) ашқаны туралы жазбаша хабарлайды;

2)                      бұқаралық ақпарат құралдарының жергілікті баспалық басылымдарда толық деректемелерін көрсетіп, кеңсе (қызметтік орын-жай) ашқаны туралы хабарландыру жариялайды.

__________________________________________________