Жеке сот орындаушысында тағылымдамадан өту құжаттарының тізбесі

«Қазақстан Республикасы Әділет министрінің міндетін атқарушының «Жеке сот орындаушысында тағылымдамадан өту ережесін бекіту туралы» 2010 жылғы 3 қарашадағы № 303 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің

2013 жылғы 2 қазандағы № 310 бұйрығы

 

ЖЕКЕ СОТ ОРЫНДАУШЫСЫНДА ТАҒЫЛЫМДАМАДАН ӨТУ ҚҰЖАТТАРЫНЫҢ ТІЗБЕСІ:

Тағылымдамадан өтуге ниет білдірген тұлға еркін нысанда жазылған өтінішпен жеке сот орындаушыларыны өңірлік алқасының төрағасына жүгінеді және өтініш берген күннен бастап күнтізбелік он күннің ішінде жеке сот орындаушыларының өңірлік алқасымен тағылымдамадан өту туралы шарт жасасады. Өтінішке тіркеледі:

1) жеке куәлік құжатының көшірмесі;

2) жоғары заңгерлік білім туралы дипломның көшірмесі (салыстыру үшін түпнұсқасы ұсынылмаған жағдайда нотариалды куәландырылған);

3) мәліметтің болмауы туралы құжат:

-Қазақстан Республикасының заңында белгіленген тәртіппен әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі деп тану;

-сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы;

-мемлекеттік, әскери қызметтен, құқық қорғау органдарынан, соттардан және әділет органдарынан теріс себептермен босатылғаны туралы;

-заңда белгіленген тәртіппен өтелмеген немесе алынбаған соттылығы туралы.