Тексеру комиссиясы

Республикалық палатаның қаржылық-шаруашылық қызметіне бақылауды жүзеге асыру және аталған қызметті регламенттейтін Съез, Төралқа және Басқарма шешімдерін орындау үшін осы Жарғыға сәйкес Республикалық палатада Тексеру комиссиясы құрылады және жұмыс істейді.

Тексеру комиссиясының мүшелері Съезде ашық дауыс беру арқылы үш адамнан тұратын құрамда үш жыл мерзімге сайланады. Тексеру комиссиясы өз құрамынан төраға мен хатшыны сайлады. Тексеру комиссиясы мүшелерінің құрамы Республикалық палата мүшелігінде тұратын жеке сот орындаушыларының қатарынан қалыптастырылады.

Қазақстан Республикасы жеке сот орындаушыларының Республикалық палатасының тексеру комиссия мүшелері

1) Нугуманов Жаслан Маулитович

2) Габдуллина Алмагуль Тюлюгеновна

3) Перметов Марат Эгамбердиевич