Жеке сот орындаушыларын көтермелеу және марапаттау тәртібі туралы

           

 

                                 Жеке сот орындаушыларының

                                 Республикалық палатасы

                                 Төралқасының

                                 2016 жылғы 12 тамыздағы

                                 шешімімен бекітілген

 

Жеке сот орындаушыларын көтермелеу

 және марапаттау тәртібі туралы

 

 

1. Жалпы ережелер

 

 

              1. Осы жеке сот орындаушыларын көтермелеу және марапаттау тәртібі туралы Ереже (бұдан әрі - Ереже) Қазақстан Республикасының «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» Заңына, жеке сот орындаушыларының Республикалық палатасының Жарғысына сәйкес әзірленді және Республикалық палата мүшелері - жеке сот орындаушыларын және басқа тұлғаларды көтермелеу және марапаттау шарттары мен тәртібін анықтайды.

 

              2. Көтермелеу кәсіби қызметін бағалау, жеке сот орындаушыларын тәрбиелеудің пәрменді құралы және тәртіпті нығайту болып табылады.

 

              3. Жеке сот орындаушыларына өз кәсіби міндеттерін адал орындағы үшін, атқарушылық құжаттарды орындау жөніндегі қызметін ұзақ, мінсіз жүзеге асырғаны үшін, көтермелеудің келесі түрлері қолданылады:          

 

1               алғыс;

2               бағалы сыйлықпен марапаттау;

3               жеке сот орындаушыларының Республикалық палатасының (бұдан әрі – Республикалық палата)  Құрмет грамотасымен марапаттау;

4               «Атқарушылық құжаттарды орындау жүйесінің құрметті қызметкері» - «Почетный работник системы исполнения исполнительных документов» төс белгісімен, «Үздік жеке сот орындаушы» – «Отличник частный судебный исполнитель» І, ІІ, ІІІ дәрежелі төс белгілерімен марапаттау;

5               «Атқарушылық құжаттарды орындау жүйесін дамытуға қосқан үлесі үшін» - «За вклад в развитие системы исполнения исполнительных документов» медалімен марапаттау;

6               «Қазақстандағы жеке сот орындаушы институтына 5 жыл» - «5 лет институту частного судебного исполнителя в Казахстане» мерейтойлық медалімен марапаттау.

 

              4. «Атқарушылық құжаттарды орындау жүйесін дамытуға қосқан үлесі үшін» медалімен атқарушылық құжаттарды орындау жүйесінің қызметкерлері, жеке сот орындаушы институтының дамуына елеулі үлес қосқан басқа да тұлғалар қызметтік міндеттерін үлгілі орындағаны, берілген тапсырмаларды жоғары сапалы, ынталы, шығармашылық белсенділікпен орындағаны, ұзақ және мінсіз қызметі үшін, ерекше маңызды және күрделі тапсырмаларды орындағаны және қызметіндегі басқа да жетістіктері үшін марапатталады.  

 

              5. «Қазақстандағы жеке сот орындаушы институтына 5 жыл» мерейтойлық медалімен қызметінде оң мінезді, өзіне жүктелген міндеттерін адал және жауапкершілікпен орындайтын, сонымен қоса ынталылық және кәсібилік танытатын атқарушылық құжаттарды орындау жүйесінің қызметкерлері, жеке сот орындаушы институтының дамуына елеулі үлес қосқан басқа да тұлғалар марапатталады.

 Кейіннен кезекті мерейтой келгенде медалдағы  таңба тиісті мерзімге (10, 15, 20....) өзгертіледі. 

 

              6. «Атқарушылық құжаттарды орындау жүйесінің құрметті қызметкері» төс белгісімен қызметінде оң мінезді, өзіне жүктелген міндеттерін адал және жауапкершілікпен орындайтын, сонымен қоса ынталылық және кәсібилік танытатын, жас мамандарға тәлімгер болып табылатын, 7 және одан да көп жыл еңбек өтілі бар жеке сот орындаушылары марапатталады.

 

             7. «Үздік жеке сот орындаушы» төс белгісімен қызметінде оң мінезді, өзіне жүктелген міндеттерін адал және кәсіби шеберлікпен орындаған жеке сот орындаушылары марапатталады.   

 

              8. «Үздік жеке сот орындаушы» төс белгісі үш дәрежеден тұрады:

1) І дәрежелі «Үздік жеке сот орындаушы»– 5 жыл жұмыс істеген жеке сот орындаушыларын марапаттауға арналған;

2) ІІ дәрежелі «Үздік жеке сот орындаушы» – 3 жыл жұмыс істеген жеке сот орындаушыларын марапаттауға арналған;

3) ІІІ дәрежелі «Үздік жеке сот орындаушы» – 2 жыл жұмыс істеген жеке сот орындаушыларын марапаттауға арналған.

 

 

Материалдарды ұсыну және қарау

 


               9.  Көтермелеу шараларын қолдану субъектілері Қазақстан Республикасы аумағында өз қызметін жүзеге асыратын жеке сот орындаушылары – Республикалық палата мүшелері, атқарушылық құжаттарды орындау жүйесінің қызметкерлері, басқа да тұлғалар болып табылады.

 

               10. «Атқарушылық құжаттарды орындау жүйесін дамытуға қосқан үлесі үшін», «Қазақстандағы жеке сот орындаушы институтына 5 жыл» медалдарымен,  «Атқарушылық құжаттарды орындау жүйесінің құрметті қызметкері» төс белгісімен, «Үздік жеке сот орындаушы» І, ІІ, ІІІ дәрежелі төс белгілерімен марапаттау мемлекеттік, ұлттық, кәсіби мерекелер және мерейтойлық күндерін мерекелеу құрметіне жүргізіледі.

 

               11. Алғыс, бағалы сыйлықпен марапаттау немесе Республикалық палатаның Құрмет грамотасы түріндегі көтермелеулер осы Ереженің 1 қосымшасына сәйкес өңірлік палаталар басшыларының ұсынымы негізінде беріледі. Ұсынымда үміткердің сіңірген еңбек дәрежесін көрсететін кандидаттардың табыстары мен жетістіктері, нақты еңбектері көрсетілуі тиіс.

 

               12. «Атқарушылық құжаттарды орындау жүйесін дамытуға қосқан үлесі үшін», «Қазақстандағы жеке сот орындаушы институтына 5 жыл» медалдарымен, «Атқарушылық құжаттарды орындау жүйесінің құрметті қызметкері» төс белгісімен,  «Үздік жеке сот орындаушы» І, ІІ, ІІІ дәрежелі төс белгілерімен марапаттау түріндегі көтермелеулер осы Ереженің 2 қосымшасына сәйкес марапат парағы негізінде жүргізіледі. Марапат парағында марапатталатын тұлғаны сипаттайтын мағлұматтар, жалпы еңбек өтілі, оның ішінде атқарушылық іс жүргізу саласында, оның нақты сіңірген еңбектері, негізгі жұмыс нәтижелері мазмұндалады, сонымен қатар онда оған құрмет көрсетілетін марапат көрсетіледі. Марапат парағына өңірлік палата басшысы, Басқарма Төрағасы, немесе олардың орнын баса тұрушы тұлғалар қол қояды.

Көтермелеу туралы ұсыным және марапат парақтары Республикалық палатаға мерекелік, мерейтойлық күнге дейінгі 30 күнтізбелік күннен кешіктірілмей жіберіледі.

 

              13. Көтермелеулер туралы ұсынымдар және марапат парақтар Республикалық палатаның Басқармасында қаралады. Көтермелеу түрлерін анықтау барысында жеке сот орындаушының сіңірген еңбегінің сипаты немесе ерекшелігі, сондай-ақ оның өз кәсіби міндеттерін орындауға қатынасы назарға алынады.

 

               14. Үміткердің сіңірген еңбек дәрежесін ашып көрсетпейтін, кандидаттардың табыстары мен жетістіктерін, нақты еңбектерін бағалауға мүмкіндік болмайтын  көтермелеулер туралы ұсынымдар және марапат парақтары жіберілген жағдайда олар қаралмайды.

 

 

Ведомостволық марапаттардан айыру

 

 

              15. Ведомостволық марапаттардан айыру заңнамада бекітілген тәртіппен, марапатталған тұлғаның қылмысы үшін жазаға тартылған жағдайда, Республикалық палата Басқармасының хаттамалық шешімі негізінде Басқарма Төрағасының бұйрығымен жүргізіледі.

Ведомостволық марапаттардан айырылғанда оны және оған қоса берілген құжаттарды қайтаруға тура келеді.

 

              16. Заңсыз жазаға тартылған және толық ақталған азаматтардың ведомостволық марапаттары қалпына келтіріледі.

 

 

Медалдар мен басқа айрықша белгілерді тағу тәртібі

 

 

              17. Барлық медалдар сол жақ омырауға тағылады. Медалдар сол жақ омырауда бірінші қатары китель және пенжактың жалпы жағының (негізінің) жоғарғы жиегінде, ал ашық екібортты костюмде – лацкан деңгейінен 70 мм төмен орналастырылады.

 

               18. Тұлғаларды әртүрлі ведомостволық медалдармен марапаттау кезінде, олар оңнан солға қарай мәндік дәрежесі тәртібімен тағылады. Медалдар бір қатарға сыймаған жағдайда (5 тен көп емес), одан төмен орналасатын екінші және кейінгі қатарларға белгіленген кезекпен оңнан солға қарай орналастырылады.

 

               19. «Атқарушылық құжаттарды орындау жүйесінің құрметті қызметкері» төс белгісі омыраудың оң жағына, лацкан деңгейінен 70 мм төмен тағылады. Тұлғаларды әртүрлі ведомостволық медалдармен марапаттау кезінде, олар оңнан солға қарай мәндік дәрежесі тәртібімен орналастырылады.

 

                20. Нагрудные знаки «Үздік жеке сот орындаушы» I, II, III дәрежелі төс белгілері омыраудың оң жағына, бір қатармен, лацкан деңгейінен 70 мм төмен тағылады және дәрежелерінің кезек тәртібімен солдан оңға қарай орналастырылады, ал мәндік дәрежелері жоғары басқа медалдар мен төс белгілері болған жағдайда, онда олардан 10 мм төмен тағылады.

 

 

3. Қорытынды ережелер

 

 

21. Қолданыстағы тәртіптік жазасы болса марапаттау жүргізілмейді.

 

22.  Жеке сот орындаушыны көтермелеу туралы өңірлік палатаның жалпы жиналысында өзіне хабарланады.

 

23.  Көтермелеулер есебін кадр жұмысы жөніндегі маман жүргізеді.

 

24. Кадр жұмысы жөніндегі мамандар жеке сот орындаушысының еңбек кітапшасына және жеке ісіне бұйрықтың шыққан күні мен нөмірін көрсете отырып, көтермелеу туралы тиісті жазба енгізеді. 

 

Қазақстан Республикасы жеке сот орындаушыларының Республикалық палатасы