AТҚАРУ ӨНДІРІСІ САЛАСЫНЫҢ АРДАГЕРІ МАҚСҰТ СЕЙІТЖАПАРОВ 70 ЖАСҚА КЕЛДІ

Атқару өндірісі саласының еңбек ардагері Мақсұт Садықұлы Сейітжапаров 70 жасқа толып отыр.


Бүгін Республикалық Жеке сот орындаушылар палатасының басшысы Айдос Иманбаев мерейтой иесіне құрмет білдіріп, иығына шапан жапты.


-Тәжірибеңіздің және кәсіпқойлығыңыздың арқасында заң саласына құқықтық мемлекетіміздің дамуына қосқан үлесіңіз шексіз. Жас мамандарға өмірлік тәжірибеңізбен бөлісе отырып, саналы ұрпақтарды тәрбиелейтін тұлға ретінде құрмет тұтамыз,- деп жылы лебіздерін білдірді. 

 

Мақсұт Садықұлы 2000 жылдан бері сот орындау саласында қызмет етіп келеді. Алғашқы тәжірибесі Ақтөбе облысының соттар әкімшісінде басталып, кейін атқару өндірісі бойынша жоғарғы сотта жұмысын жалғастырған. Қазіргі таңда Нур-Сұлтан қаласының жеке сот орындаушысы.


Өмір жолында бірқатар мараппатардың иесі, оның ішінде "Ерең еңбегі үшін" медалі, "Еңбек даңқы" 1, 2,3 дәрежелі ордені, Қазақстан Республикасының "Сот жүйесінің үздігі , Қазақстан Республикасының "Құрметті заңгері".



2022-06-21