БҮГІН АТЫРАУ ОБЛЫСЫНЫҢ ЖЕКЕ СОТ ОРЫНДАУШЫЛАРЫ ӨҢІРЛІК ПАЛАТАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ ДИЯРОВ ЖАЙДАРБЕК МҰСТАХИМҰЛЫ ДҮНИЕДЕН ОЗДЫ 

Республикалық палата ұжымы Жайдарбек Мұстахимұлын өз ісінің білгірі, ақкөңіл, мәдениетті, жүрегі пәк адам ретінде ерекше сыйлайтын. Осындай арда азаматымыз ортамыздан кеткені біздің де қабырғамызға батты. Ағамыздың жақындары мен отбасына қайғысына ортақтасып көңіл айтамыз. 
1960 жылдың 5 қыркүйекте Гурьев облысының Дамбы селосында өмірге келген. 1986-1988 жылы Талдықорған заң техникумін бітіргеннен кейін Гурьев облысы, Эмба аудандық атқару комитетінде заңгер мамандығы бойынша қызмет атқарған.
1991-1998 жылдары Гурьев облысы, Эмба аудандық мемлекеттік нотариальдық конторының аға мемлекеттік нотариусі.
1998-2016 жылдар аралығында Атырау қалалық сотының Балықшы сот учаскесінде судья, Жылыой аудандық сотының судьясы, Исатай аудандық сотының төрағасы, Атырау қаласының мамандырылған әкімшілік сотының төрағасы, Жылыой аудандық сотының төрағасы, Атырау облыстық сотының судьясы қызметтерін атқарды.
 Жайдарбек Мұстахимұлының жарқын бейнесі жадымызда  мәңгі сақталады.



2022-08-10