Халықаралық сот орындаушылар күні
Құрметті әріптестер! Сіздерді Халықаралық сот орындаушылар күнімен шын жүректен құттықтаймын! Бұл мереке осыдан 16 жыл бұрын Халықаралық сот қызметкерлерінің одағының отырысында бекітілген. Биыл бұл күн «Сот орындаушы және БАҚ – коммуникацияның күші» ұранымен өтеді. Біздің мамандықтың ерекшелігін ескере отырып, БАҚ-пен өзара әрекеттесу өте өзекті. Жеке сот орындаушылары институтының имиджін көтеруге, соның ішінде медиа-кеңістік арқылы әрқайсымыз өз үлесімізді қосамыз деп сенемін. Баршаңызға денсаулық, күш-қуат, жұмыстарыңызға табыс тілеймін. Мереке құтты болсын!
-Республикалық жеке орындаушылар палатасының төрағасы Айдос Иманбаев.