Су тасқынынан зардап шеккен облыс тұрғындарының назарына!
Сот актілері бойынша қарызы бар және су тасқыны салдарынан қиын жағдайға тап болған азаматтарға мерзімін кейінге қалдыру немесе бөліп төлеу құқығын түсіндіреміз. Ол үшін Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінің 238-бабына сәйкес шешім шығарған сотқа растайтын құжаттармен қоса тиісті арыз жазу қажет. Өтініш қарау мерзімі 10 жұмыс күнін құрайды.