
Жоғары Сот Кеңесі Республикалық ЖСО палатасының қолдауымен кәсіптік бағдар беру жұмысы шеңберінде жеке сот орындаушылармен бірнеше онлайн-кездесулер өткізді.
Судья лауазымына жоғары кәсіби кадрларды тартуға бағытталған ауқымды іс-шараға 1500 жеке сот орындаушысы қатысты.
Кеңес мүшелері судья лауазымына үміткерлерге қойылатын талаптар туралы айтып, аудиторияның барлық сұрақтарына жауап берді.
Соттарды құрумен айналысатын Жоғары Сот Кеңесі судьялардың тәуелсіздігіне және дербес құқықтылығына кепілдік беретін орган.
Кеңестің функцияларының бірі - сот жүйесі мен заңнаманы жетілдіру болып табылады. ̆.
Жоғары Сот Кеңесі кандидаттардан емтихандарды қабылдауды ұйымдастырады.
Мемлекет басшысына кандидаттарды барлық деңгейдегі судьялардың бос лауазымдарына тағайындау туралы ұсыныстар береді.
Судья лауазымына БІЛІКТІЛІК ЕМТИХАНЫ Қазақстан Республикасында судья кадрларын іріктеу жүйесінің маңызды элементі болып табылады.
ҚР Жоғары Сот Кеңесі біліктілік емтиханын тапсыру үшін құжаттарды қабылдауды тұрақты негізде жүзеге асырады.
Ол үшін белгіленген құжаттар топтамасын Астана қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы 8, 1 В кіреберіс мекенжайында орналасқан Жоғары Сот Кеңесіне жолдау қажет.
Құжаттар тізбесімен төмендегі сілтеме арқылы өтіп таныса аласыздар:
https://www.gov.kz/memleket/entities/vss/activities/422?lang=ru&parentId=424
Туындаған сұрақтар бойынша келесі байланыс телефон нөмірлері арқылы хабарласуға болады:
- 74-90-44
- 74-95-35
- +7 778 290 48 14
электрондық мекенжай: kval@vss.gov.kz