Алматы облысының жеке сот орындаушысы бес алимент өндірісі бойынша борышкерлердің қосымша табыстарын анықтады
85 мың теңге жалақы сот орындаушысы Талғат Кенебаевтың өндіріп алушының өтініші негізінде алимент бойынша борышкердің қосымша табысын тексеруге себеп болды. Ойлағандай борышкер кірісті жасырғаны Мемлекеттік кірістер басқармасынан сұрауға жауап алған кезде расталды. 2 жыл ішінде алимент бойынша борышкер бизнестен миллиондаған таза пайда тапқаны белгілі болды, олардан сот орындаушысы 24 миллионды есептеп, өндіріп алды. Бұл сома пайызбен бір балаға шаққандағы табыстың 25% құрайды.
Биылғы жылы Талғат Кенебаев тағы төрт атқарушылық іс жүргізу бойынша 85 мың теңге жалақы алатын борышкерлердің қосымша табыстарын анықтады. Қазіргі уақытта қаражаттарды өндіру үшін мәжбүрлеу шаралары қабылданып жатыр.