Ыбыраев Ернар Еркенұлы
Алматы қаласында туған.
Білімі: 1992 жылы С. М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің, заң факультетін бітірген.
Еңбек өтілі: 1992-1995 жылдары Алматы қаласы Мәскеу ауданы прокуратурасының аға тергеушісі 1995-1997 жылдары арадығында Алматы қаласы Калин ауданы прокурорының орынбасары.
1997-1998 жылдары Алматы қаласы прокуратурасының жедел іздестіру қызметінің заңдылығын қадағалау, тергеу және анықтау басқармасы бастығының орынбасары.
1998-1999 жылдары аралығында Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы прокурорының бірінші орынбасары.
1999-2000 жылдары Батыс Қазақстан облысы прокуратурасының жедел іздестіру қызметінің заңдылығын қадағалау, тергеу және анықтау бөлімінің бастығы.
2000-2001 жылдарында Шығыс Қазақстан облысы прокуратурасының жедел іздестіру қызметінің заңдылығын қадағалау, тергеу және анықтау бөлімінің бастығы.
2001-2002 жж. Жамбыл облысы прокуратурасының ұлттық қауіпсіздік, қаржы полициясы және Кеден комитетінің органдарында алдын ала тергеу, анықтау заңдылығын қадағалау бөлімінің бастығы.
2002-2008 жылдары аралығында Жамбыл облысы Әділет департаментінің бастығы.
2008-2010 жж. Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің бастығы.
2010 жылдың мамыр айынан 2011жылдың маусымына дейін Солтүстік Қазақстан және Атырау облыстары бойынша Әділет департаменті бастығының орынбасары.
2011 жылдың маусым айынан 2013 жылдың наурызына дейін Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі басқармасының бастығы.
2013-дың сәуірінен 2014 жылы аралығында Қазақстан Республикасы Әділет Министрлігінің Тіркеу қызметі және құқықтық көмек көрсету комитеті төрағасының орынбасары.
2014-ші жылдан бастап 2018 жылдың қазан айына дейін Тіркеу қызметі және заң қызметтерін ұйымдастыру департаменті директорының орынбасары, ҚР Әділет министрлігінің Сот актілерін орындау департаментінің директоры.
2018-2022 жылдары аралығында Республикалық жеке сот орындаушылары палатасының Төрағасы
2022 жылдың мамыр айынан төрағаның кеңесшісі.